Қазақстан қалаларын Ресейге қосуға үндеген Орал тұрғыны сотқа тартылды

Оралдық Максим Яковченконың үстінен ҚР ҚК 174 «ұлтараздықты қоздыру» және 180 «сепаратизм» баптары бойынша іс қозғалған


03/10/2022
11:02 27821 0

Орал тұрғынының үстінен сепаратизм айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде жергілікті журналист Лұқпан Ахмедияров мәлімдеді. 

Ахмедияровтың сөзінше, оралдық Максим Яковченконың үстінен ҚР ҚК 174 «ұлтараздықты қоздыру» және 180 «сепаратизм» баптары бойынша іс қозғалған. Ол жыл басына әлеуметтік желіде Қазақстаның солтүстікте бірнеше қаласына Ресей құрамына қосу керектігін айтып жазба жариялаған. 

– Қылмыстық іс қозғауға Максим Яковченконың жыл басында әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы себеп болды. Атап айтқанда, ол «Орал, Петропавл, Павлодар және т.б Ресейге беру керек. Себебі бұл жерде бәрін құртып жатыр. Жателдіктер билікте отыр. Жателдіктер барлығын былғап бітті. Маймылдар көшіп-қонып жүріп маңайын ластағанға үйреніп қалған» деген пікір жазған. Бастапқыда полиция «ұлтараздықты қоздыру» бабы бойынша іс қозғаған. Бірақ кейіннен сотта іс ауқымы кеңейді,  деп жазды Ахмедияров. 

Лұқпан Ахмедияровты сотқа куәгер ретінде шақырған. 

Поделиться

Нет комментариев.

03/10/2022 11:02
27821 0

Уведомление